uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

📣Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Жарияланды: 15 июня 2026


⏳Негізгі ҰБТ басталғалы бері 236 мыңға жуық рет тест тапсырылды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 64 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 140 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 668 талапкер қатысты.


🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 474 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 298 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 176 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.


☝️Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін өтеді.