uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 1 июня 2026
⏳Негізгі ҰБТ басталғалы бері 139 мыңға жуық рет тест тапсырылды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 140 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 392 талапкер қатысты.
🙅🏻♀️Ереже бұзғаны үшін 283 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 168 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 115 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
☝️Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін өтеді.