uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 27 марта 2026
⏳Наурыз ҰБТ-сы басталғалы бері 117 мың адам тест тапсырды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 63 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 139 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 283 талапкер қатысты.
🙅🏻♀️Ереже бұзғаны үшін 179 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 97 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 82 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
☝️Естеріңізге сала кетейік, наурыз ҰБТ-сы 6 сәуірге дейін өтеді.