uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

📣Назарларыңызға наурыз ҰБТ-сының аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Жарияланды: 11 марта 2026


⏳Наурыз ҰБТ-сы басталғалы бері 31 мың адам тест тапсырды.
✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 57%-ы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 56 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 136 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 101 талапкер қатысты.


🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 56 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
🚫тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 36 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 20 адам шығарылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.


☝️Естеріңізге сала кетейік, наурыз ҰБТ-сы 6 сәуірге дейін өтеді.