uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 10 июля 2026
📆Бүгін ҰТО, халықаралық ETS және ҚР ҒЖБМ бірлескен командасы жұмыс аптасының аралық қорытындысын шығарды. Бірнеше күнге созылған қарқынды жұмыс сессияларының нәтижесінде қабылданған жобалық шешімдер Admissions Insight Test (AIT) жаңа қабылдау емтиханы дизайнының алғашқы жұмыс нұсқасы ретінде бірыңғай құжатқа біріктірілді.
📑Бұл құжат ETS сарапшыларының халықаралық тәжірибесін, ҰТО мамандарының ұлттық ерекшеліктерді терең түсінуін және министрліктің стратегиялық көзқарасын біріктірген бірлескен жұмыстың нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар бұл соңғы нұсқа емес. AIT дизайны тест тапсырмаларын апробациялау, шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдары базасында өткізілетін пилоттық тестілеу, қосымша зерттеулер, сондай-ақ сарапшылар мен академиялық қауымдастықтың ұсыныстары негізінде кезең-кезеңімен жетілдірілетін болады. Жаңа модельді апробациялау кезеңінде қолданыстағы ҰБТ жүйесі өзгеріссіз сақталады.
🖌️Жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Келесі аптада бірлескен команда академиялық дағдыларды бағалау тәсілдерін, пилоттық зерттеудің дизайнын, емтиханды өткізу және нәтижелерін ұсыну форматтарын, сондай-ақ AIT жаңа моделінің өзге де маңызды элементтерін пысықтауды жалғастырады.