uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

👋 Сәлем, достар!

Жарияланды: 23 ноября 2026

🏢 18–20 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласында өткен «Білім және ғылым-2026» XXV Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.

👏 Халықаралық дәрежедегі білім көрмесі барысында үш күн бойы Алматы облысы мен Алматы қаласының 2 500-ден астам колледж, лицей және мектеп бітірушісіне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Келушілерге ҰБТ бағдарламасы бойынша тегін байқау сынағынан өту мүмкіндігі ұсынылып, үш күн ішінде 5 000-ға жуық адам байқау сынағын тапсырды.

👆 Сонымен қатар көрме аясында Орталық мамандары Алматы қаласының оқушыларымен кездесіп, ҰБТ өткізу тәртібі мен тестілеуге қатысты өзекті мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.

🎁 Көрме қонақтарына Ұлттық тестілеу орталығы атынан арнайы сыйлықтар да ұсынылды. Атап айтқанда, «Болашақ талапкер! Болашақ маман!» атты стикерпактар мен QR-кодтары және мотивациялық сөздері бар кітап бетіне арналған белгілер келушілердің көңілінен шықты. 🥰

👍 Ұлттық тестілеу орталығы көрмеге қатысуға шақырғаны үшін «АТАКЕНТ-ЭКСПО» халықаралық көрме компаниясына алғысын білдіреді.