uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

👋Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Жарияланды: 25 июня 2026


‼️ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.


📑Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.


ℹ️ Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.


🔍Сондай-ақ, ақпаратты жасырын түрде алуға арналған микроқұлаққаптарды, жасырын камераларды және өзге де арнайы техникалық құралдарды пайдалану ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертеміз.


🙌 Достар! Сіздерді заң бұзушылыққа бармауға шақырамыз. Шынайы еңбегіңіз бен адалдығыңыз теңдесі жоқ табыс әкелетініне сенеміз!