uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 16 июня 2026
📆Арнаулы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі. Әрбір жоо емтихан тапсыру форматын және күнін өзі белгілейді.
📌Арнаулы емтихан грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы оқуға тапсыру үшін де міндетті емтихан болып табылады. Яғни, грант конкурсына қатысуға ниетті болсаңыз, арнаулы емтиханды грант конкурсына құжат тапсырғанға дейін тапсыру керек.
✅❌Арнаулы емтиханды кез-келген жоо-да тапсыруға болады. Емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
👩🏻🏫👨🏻⚕️Педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да тапсыруға ниетті талапкерлер арнаулы емтиханды педагогикалық бағыт бойынша да, медициналық бағыт бойынша да тапсыру керек.
ℹ️Арнаулы емтиханды онлайн форматта өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі біздің телеграм арнамызда жарияланған.
☎️Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоо-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады. Сәттілік!