uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 16 мая 2026
📣Әлеуметтік желілерде «ҰБТ-дан өткізіп береміз», «грант алып береміз» немесе «тест сұрақтарының жауабы бар» деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатқанын байқаудамыз. Мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер. Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз.
⚠️Сонымен қатар, әр тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске саламыз. Осыған байланысты интернетте таралатын «слив» материалдары нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді деген пікір шындыққа жанаспайды.
⚖️Тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық фактілер анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
🙌ҰБТ-ға тек өз біліміңізге сеніп дайындалуға шақырамыз. Академиялық адалдық қағидаларын бірге сақтайық!