uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 23 июля 2026
📣Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «кешенді тестілеуден өткізіп береміз», «грантқа түсіріп береміз», «тест сұрақтарының жауаптары бар» деген мазмұндағы жалған хабарламалар жиі таралуда. Мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер. Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырамыз.
⚠️Еске саламыз, әр кешенді тестілеуге қатысушыға жеке тест нұсқасы қалыптастырылады. Сондықтан интернетте таралатын «тест сұрақтары» немесе «жауаптар» нақты кешенді тестілеу тапсырмаларымен сәйкес келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
⚖️Тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық фактілер анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
🙌Кешенді тестілеуге тек өз біліміңізге сеніп дайындалыңыз. Академиялық адалдық қағидаларын бірге сақтайық!