uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

👋Сәлем, талапкерлер!

Жарияланды: 17 июня 2026

📆Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

📑Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

✅Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар
✔️жеке куәлік;
✔️ҰБТ сертификаты;
✔️3х4 көлеміндегі фото;
✔️орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
✔️жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
✔️B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

ℹ️Қосымша ақпарат бойынша жоо-лардың қабылдау комиссияларына хабарласа аласыздар.