uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 9 января 2026
📌ҰБТ-ға кірерде металл іздегішпен тексеру жүргізіледі.
Тестілеуге:
🚫фотоаппарат, пейджер, ұялы телефондар,
🚫планшеттер, рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер,
🚫смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер),
🚫диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, навигаторларды, трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын,
🚫шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, периодтық кесте және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, А0-А10 форматтағы қағаздарды алып кіруге болмайды.
🗄️Оларды тестілеуге кірер алдында сақтау жәшіктерінде қалдырып кетуді сұраймыз.
❌Тестілеуге кірерде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмейді.
✅Тестілеуге жеке куәлік (16 жасқа толмаған болсаңыз, туу туралы куәлік және фотосы жапсырылған мектептен анықтама), қалам, су және шоколад алып кіруге болады.
📤Пайдалы ақпаратты досыңа жібер!