uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

👋Сәлем, талапкерлер!

Жарияланды: 11 июня 2026


Егер сіз ҰБТ-да бейіндік пән ретінде «Қазақ тілін» таңдаған болсаңыз және сізде ҚАЗТЕСТ сертификаты болса, онда сіз ҚАЗТЕСТ сертификатын ҰБТ балдарына конвертация жасай аласыз.


⚜️ҚАЗТЕСТ сертификаты балын «Қазақ тілі» бейіндік немесе арнайы пәні бойынша ҰБТ балына ауыстыру шкаласы:
✔️ҚАЗТЕСТ бойынша В1 деңгейі = ҰБТ бойынша 42 балға тең;
✔️ҚАЗТЕСТ бойынша В2 деңгейі = ҰБТ бойынша 46 балға тең;
✔️ҚАЗТЕСТ бойынша С1 деңгейі = ҰБТ бойынша 50 балға тең.


🖥️ҚАЗТЕСТ-ті app.testcenter.kz сайтында конвертациялауға болады. Ол үшін:
🔻жеке кабинетте «Өтініш беру» бөлімінде «ҚАЗТЕСТ балын ҰБТ балына аудару» батырмасын басыңыз.
🔻жеке мәліметтерді тексеріңіз.
🔻конвертация қажет ҰБТ сертификатын және ҚАЗТЕСТ сертификатын таңдаңыз.
🔻ары қарай «Балдарды аудару». Конвертацияланған сертификатты жүктеп алыңыз.


♦️Бір ҚАЗТЕСТ сертификатын ҰБТ-ның барлық 5 сертификатына конвертация жасай аласыз.


🙌Сәттілік!