uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

👋Сәлем, магистратураға түсушілер!

Жарияланды: 8 июля 2026


📆Кешенді тестілеуге өтініш қабылдау 8 шілде сағ. 23:59-да аяқталатынын тағы да бір рет естеріңізге саламыз. Өтінішті app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы беруге болады.


‼️Берілген өтінішті «Менің іс-әрекетім» бөлімінен көре аласыз. Қажет жағдайда өтінішіңізді өтініш беру аяқталғанша, яғни 8 шілдеге дейін өңдей аласыз. Ары қарай бұл функция қолжетімсіз болады.


📆Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.


💌Тіркелу барысында сіздер тек тест тапсыру қаласын таңдайсыздар. Ал тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 14 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.


ℹ️Гранттар тізімі testcenter.kz сайтында «Мемлекеттік гранттар» бөлімінде жарияланған.


🙌Сәттілік