👋Сәлем, болашақ магистранттар!
Жарияланды: 13 ноября 2026
💻13 қараша күні кешенді тестілеуге қатысушылардың жеке кабинеттерінде тестілеудің өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпарат жарияланды.
Ақпаратпен танысу үшін app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту қажет.
🔁Даярлау бағытын (бейінді және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін КТ басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады.
📌 Сондай-ақ кешенді тестілеуге дайындалу үшін ақылы негізде онлайн байқау тестілеуінен өтуге болатынын еске саламыз. Ол үшін:
🔻app.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріңіз;
🔻«Байқау сынағы» ➡️ «Магистратураға түсу үшін байқау тестілеуі (КТ)» ➡️ «Online байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз;
🔻«Тестілеу мүмкіндігін сатып алу» батырмасын басып, ережемен танысыңыз да, төлем жасаңыз. 1 нұсқа құны – 3355 тг.