🎓Өткен жылғы мектеп түлектерінің назарына!
Жарияланды: 10 ноября 2026
📢 Егер мектепті 2026 жылы немесе одан бұрын бітірсеңіз, қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатыса аласыз.
Өтініш беру үшін app.testcenter.kz сайтындағы «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» бөлімін таңдаңыз.
📌Маңызды ақпарат:
🔹 ҰБТ тапсыру үшін университеттен шығудың қажеті жоқ. Алайда грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде түсу үшін оқудан шығу қажет.
🔹 Белгіленген талаптарға сәйкес келсеңіз, грант конкурсында квоталар мен балдар теңдігі жағдайында басымдылық сақталады.
🔹 Тестілеу күндерін таңдау мүмкіндігі 2027 жылғы мектеп түлектерімен салыстырғанда шектеулі.
🔹 Жеке кабинетке кіру деректерін UTO қосымшасы арқылы Face ID көмегімен қалпына келтіруге болады.
💳 ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге.