🎓Құрметті ұлты қазақ шетел азаматтары!
Жарияланды: 10 ноября 2026
📆 Сіздер қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатыса аласыздар. Тестілеу құны – 5 640 теңге.
🔹 Ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. ЖОО-ға әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге болады.
🔹 Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-ны тапсыру қажет. Өтініштер сәуір айында қабылданады.
📝 Қалай тіркелуге болады?
app.testcenter.kz сайтында:
🔹ҚР ЖСН болса, оны енгізіп, 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анаңыздың немесе заңды өкілдің деректерін көрсетіңіз;
🔹ЖСН болмаса, «ҚР ЖСН жоқ» бөлімін таңдап, жеке деректеріңізді толтырыңыз. Сізге 12 таңбалы код беріледі.
📚 Қандай пәндерді тапсыру керек?
Пәндер саны оқу мерзімі мен таңдаған мамандыққа байланысты:
🔹Толық оқу мерзімі: әдеттегі мамандықтарға – 3 пән, шығармашылық мамандықтарға – 1 пән;
🔹Қысқартылған оқу мерзімі (тек колледж түлектері): әдеттегі мамандықтарға – 2 пән, шығармашылық мамандықтарға – 1 пән.
Шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орындары өткізеді.
❗️Егер сіз Қазақстанда білім алып жатқан қандас болсаңыз:
«2027 жылғы мектеп түлектері» санаты бойынша тіркеліп, негізгі ҰБТ-ны 5 немесе 3 пәннен тегін тапсыра аласыз.
📌Грант конкурсына қатысу кезінде:
🔹әдеттегі мамандықтар үшін 3 пәннің;
🔹шығармашылық мамандықтар үшін 1 пәннің нәтижесі есепке алынады.
‼️Маңызды! Қандастар үшін грант конкурсына қатысу кезінде шекті балл белгіленбеген. Яғни негізгі ҰБТ нәтижесі бойынша жинаған балдарыңызға қарамастан конкурсқа қатыса аласыз.