🎓Құрметті шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары!
Жарияланды: 9 ноября 2026
📆Сіз қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатыса аласыз.
🔻Өтініш беру кезінде app.testcenter.kz сайтындағы
«Шетелде білім алған мектеп түлектері» бөлімін таңдайсыз.
🔻«Оқу орны» жолында тек білім алып жатқан еліңізді көрсету жеткілікті. Мектептің атауын жазудың қажеті жоқ.
📌Өтініш беру барысында ұсынылған нұсқалардың ішінен өзіңізге ыңғайлы ҰБТ тапсыру күнін, уақытын және тестілеу пунктін таңдай аласыз.
💸ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге.