🎓Құрметті педагогикалық мамандықтарға ақылы негізде ауысуды жоспарлап жүрген студенттер!
Жарияланды: 11 ноября 2026
📆Басқа мамандықтан педагогикалық мамандыққа ауысу үшін қаңтар немесе тамыз айларындағы ҰБТ-ны тапсыру қажет.
Өтініш беру кезінде app.testcenter.kz сайтынан «Педагогикалық ғылымдар білім беру саласы бойынша БББТ-на ауысатын студенттер» санатын таңдаңыз.
🔹 ҰБТ 5 пәннен (3 міндетті және 2 бейіндік) тұрады.
🔹 Шекті балл – 75.
🔹 Тестілеу ұзақтығы – 240 минут.
🔹 Қатысу құны – 5 640 теңге.
❗Ескерту: сіздер үшін тестілеу күндерінің саны шектеулі. Ауысу талаптары мен білім беру бағдарламасының сәйкестігін алдын ала жоғары оқу орнынан нақтылап алыңыз.