uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

🎓Құрметті педагогикалық мамандықтарға ақылы негізде ауысуды жоспарлап жүрген студенттер!

Жарияланды: 11 ноября 2026

📆Басқа мамандықтан педагогикалық мамандыққа ауысу үшін қаңтар немесе тамыз айларындағы ҰБТ-ны тапсыру қажет. Өтініш беру кезінде app.testcenter.kz сайтынан «Педагогикалық ғылымдар білім беру саласы бойынша БББТ-на ауысатын студенттер» санатын таңдаңыз.

🔹 ҰБТ 5 пәннен (3 міндетті және 2 бейіндік) тұрады.
🔹 Шекті балл – 75.
🔹 Тестілеу ұзақтығы – 240 минут.
🔹 Қатысу құны – 5 640 теңге.

❗Ескерту: сіздер үшін тестілеу күндерінің саны шектеулі. Ауысу талаптары мен білім беру бағдарламасының сәйкестігін алдын ала жоғары оқу орнынан нақтылап алыңыз.