uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

🎓Құрметті колледж түлектері!

Жарияланды: 11 ноября 2026

📢 2019 жылдан бастап колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады. КТА тестілеуі өткізілмейді.

📆 Сіздер қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатыса аласыздар. Өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады. Тестілеу құны – 5 640 теңге.

📚 Қандай ҰБТ тапсыру қажет? Бұл таңдаған мамандығыңыз бен оқу мерзіміне байланысты.

♦️Қысқартылған оқу мерзімімен (өз немесе сабақтас мамандық бойынша):
🔹Ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. Қабылдау ЖОО-дағы әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
🔹Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ тапсыру қажет: әдеттегі бағыттарға – 2 пән (жалпы кәсіптік және арнайы), шығармашылық бағыттарға – 1 арнайы пән. Шығармашылық емтиханды ЖОО өткізеді.

♦️Толық оқу мерзімімен (басқа мамандық бойынша):
🔹Ақылы оқуға түсу үшін төрт ҰБТ кезеңінің бірін таңдауға болады.
🔹Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ тапсыру қажет.
🔹Әдеттегі бағыттарға – 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік); шығармашылық бағыттарға – 2 пән («Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы»), қосымша шығармашылық емтиханды жоо өткізеді.

❗Қысқартылған оқу мерзімі мен гранттардың таңдаған мамандығыңыз бойынша қарастырылғанын алдын ала жоо-дан нақтылаңыз. Мысалы, медицина бағытында қысқартылған оқу мерзімі «Фармация» және «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша ғана қарастырылған.
❗ ҰБТ-ға өтініш бермес бұрын мамандықты, оқу мерзімін және жоо-ның қабылдау талаптарын анықтап алыңыз.