uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

🎓ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!

Жарияланды: 27 октября 2026

💻2026 жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында докторантураға құжаттар қабылдау жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады✔️, ал түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі✔️

📍Өтініш беру кезінде тек түсу емтиханын тапсыру ҚАЛАСЫН таңдай аласыздар.

📌Ал түсу емтиханын тапсыру ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 26 қарашада Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

📣Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, түсу емтиханын тапсыру тілі мен қаласына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

💸ДТЕ-ге қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.

💡МАҢЫЗДЫ:
1️⃣TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 қарашада түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
2️⃣Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификатты («Дене шынықтыру педагогтерін даярлау», «Музыка педагогтерін даярлау», «Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» және «Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламаларының топтарын қоспағанда) ұсынуы қажет ;
3️⃣Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
4️⃣Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантураға шекті балл – 50 балл.