uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

🎓ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!

Жарияланды: 3 июля 2026


💻2026 жылғы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға құжаттар қабылдау жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады✔️, ал түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі✔️


📍Өтініш беру кезінде тек түсу емтиханын тапсыру ҚАЛАСЫН таңдай аласыздар.


📌Ал түсу емтиханын тапсыру ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.


📣Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (3 тамызға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, түсу емтиханын тапсыру тілі мен қаласына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.


💸ДТЕ-ге қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.


💡МАҢЫЗДЫ:

1️⃣TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 5 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
2️⃣Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификатты («Дене шынықтыру педагогтерін даярлау», «Музыка педагогтерін даярлау», «Қазақ тілі мен әдебиетіні�