uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 6 марта 2026
Сіздерден осы сұрақ жиі келіп жатады. Жауап берейік.
🔹Әр ҰБТ-дағы әр пән 3 қиындық деңгейінен тұрады:
✔️негізгі (А) – 50%,
✔️орташа (В) – 30%,
✔️қиын (С) – 20%.
🔍Мысалы, «Оқу сауаттылығы» пәнінде 10 тапсырма, оның 5-еуі А-деңгейлі, 3-еуі В-деңгейлі, 2-еуі С-деңгейлі тапсырмалар болады.
📌Бұл ереже барлық ҰБТ-да сақталады. Яғни, сізге қаңтар ҰБТ-сында келіп түскен нұсқада да, наурыз бен негізгі, тіпті тамыз ҰБТ-сында да дәл осындай қиындық деңгейі сақталады.