ҰТО Түркиядағы халықаралық конгресте Қазақстанның тестілеу саласындағы тәжірибесін таныстырды
Жарияланды: 13 октября 2026
🌐 Ұлттық тестілеу орталығы директорының бірінші орынбасары Ермек Мақаш профессор, доктор Нури Доғанның шақыруымен Түркияның Денизли қаласында өткен Білім беру және психология саласындағы өлшеу және бағалау жөніндегі X халықаралық конгреске (CMEEP 2026) қатысты.
📊 Конгресс аясында өткен «Түркі әлемі республикаларының өлшеу және бағалау орталықтарының кездесуі» атты панельдік сессияда Қазақстанның электрондық форматтағы тестілеуді дамыту және енгізу тәжірибесі таныстырылды.
🤝 Сессияға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері қатысып, ұлттық тестілеу және бағалау жүйелерін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
📍 Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық әріптестерін 16-17 қазанда Астана қаласында өтетін AIT халықаралық конференциясына шақырады.