uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

ҰТО мамандары АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өтеді

Жарияланды: 9 октября 2026

📆Келесі аптада Ұлттық тестілеу орталығының мамандары «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында АҚШ-тың Принстон қаласына аттанып, Educational Testing Service (ETS) ұйымында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

🤝Сапар қарсаңында ҰТО директоры Нұрсейіт Байжанов тағылымдамаға аттанатын мамандармен кездесіп, алдағы сапардың мақсат-міндеттерін талқылады. Кездесу барысында халықаралық тәжірибені зерделеу, жаңа білім мен кәсіби дағдыларды меңгеру және тағылымдама нәтижелерін ұлттық тестілеу жүйесін дамытуға тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

📚Тағылымдама Мемлекет басшысының жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ETS арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа форматтағы Admissions Insight Test (AIT) тестілеу жүйесін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

🗂️Тағылымдама барысында мамандар халықаралық озық тәжірибемен танысып, тестология, психометрика және жасанды интеллект бағыттарындағы білімдері мен кәсіби құзыреттерін жетілдіреді.

📌Сапардың басты мақсаттарының бірі – халықаралық тәжірибені ұлттық тестілеу жүйесін дамытуға тиімді енгізу және AIT жобасын әзірлеу.