uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

«Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК ішкі гранттық қаржыландыруға арналған конкурс (Ғылыми гранттар конкурсы)

Жарияланды: 11 марта 2026


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Орталық) Орталық қызметкерлерін ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру және қолдау, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, заманауи қоғам жағдайында тұрақты ғылыми-инновациялық орта қалыптастыру мақсатында Ішкі гранттық қаржыландыру туралы ережеге сәйкес және 2026 жылғы 11 наурыздағы №2 Ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) хаттамасын орындау үшін, ағымдағы жылға арналған ішкі гранттық қаржыландыруға конкурсын жариялайды.


Ғылыми жобаларды ішкі гранттық қаржыландыру конкурсы 4 кезеңде өткізіледі:

1-кезең – конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау;

2-кезең – өтінімдердің ресімделуі мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарастыру;

3-кезең – Конкурстық комиссияның өтінімдерге сараптама жасауы және ҒТК-да бекіту мақсатында ұсынымдар шығару;

4-кезең – ҒТК отырысында бекіту.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Ішкі гранттарды қаржыландыру туралы ереженің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тіліндегі өтінім (аннотация, түсіндірме жазба және сұралатын қаржыландырудың есебі);

2. Жоба жетекшісімен қол қойған ғылыми жобаға қатысушылардың жұмыс өтілі мен жоба шеңберіндегі лауазымдарының сәйкестігі көрсетілген тізімі;

3. Жоба жетекшісінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.


Конкурсқа өтінімдер 2026 жылдың 11-16 наурыз аралығында (қоса алғанда) қабылданады.


Өтінімдер мен құжаттар электронды түрде naukauto24@gmail.com және қағаз түрінде Ғылыми зерттеулер мен психометрика зертханасымен (207 кабинет, тел. 799-889, ішкі 157) 2026 жылға 16 наурызға дейін қабылданады.