ҰБТ-ға дайындалып жүрсіз бе?
Жарияланды: 6 октября 2026
ҰБТ-ға дайындалып жүрсіз бе? Қажетті материалдардың барлығы ҰТО сайтында!
🖥Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz ресми сайтында ҰБТ-ға дайындалуға арналған барлық негізгі материалдар жинақталған:
🔹 тест спецификациялары;
🔹 оқулықтар тізімі;
🔹 тест тапсырмаларының үлгі нұсқалары;
🔹 контекстік тапсырмалар мысалдары;
🔹 қосымша материалдар;
🔹 тегін және ақылы сынақ тестілеулері.
📌 Материалдарды табу үшін testcenter.kz сайтына кіріп, «Тестіленушілер» → «Ұлттық бірыңғай тестілеу» → оқу мерзімін таңдаңыз → «Тестілеуге дайындық» бөліміне өтіңіз.
💪Алдын ала дайындалып, тестілеуге сенімді түрде келіңіз!