uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

ҚҰРМЕТТІ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Жарияланды: 10 апреля 2025


ҚҰРМЕТТІ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ТАЛАПКЕРЛЕР!


Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2025 жылғы 12-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.


МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):


12-18 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;


19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.


ҰБТ өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 мамыр – 5 шілде. Сіздер үшін таңдауға 5 күн ұсынылады:


30 мамыр; 4 маусым; 9 маусым; 12 маусым; 16 маусым.


Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.


ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (1 мүмкіндік).


Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып,  екі сертификатыңыздың біреуімен (ең үздік нәтижемен) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.


Негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін жоғары оқу орнынан шығудың қажеті жоқ. Грант конкурсына қатысамын немесе қайтадан ақылы оқуға түсемін десеңіз ғана жоо-дан шығу керек болады.


Егер сіз app.testcenter.kz  сайтындағы жеке кабинеттің логин немесе құпия сөзін ұмытсаңыз, UTO.kz  қосымшасын жүктеп алып, Face ID арқылы қалпына келтіріңіз.