uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

ҚҰРМЕТТІ ҰЛТЫ ҚАЗАҚ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ (ҚАНДАСТАР)!

Жарияланды: 11 апреля 2025


Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2025 жылғы 12-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.


МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):


12-18 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;


19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.


ҰБТ өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 мамыр – 5 шілде. Сіздер үшін таңдауға 6 күн ұсынылады:


30 мамыр; 4 маусым; 9 маусым; 12 маусым; 16 маусым; 28 маусым.


Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.


ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (1 мүмкіндік).


Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып,  екі сертификатыңыздың біреуімен (ең үздік нәтижемен) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.