uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Құрметті Педагогтердің білімін бағалауға қатысушылар!

Жарияланды: 1 апреля 2025


– Педагогтер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.


-Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.


– Әдіскерлер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.


Тестілеу ұзақтығы – 90 минут.


Педагог санаты үшін ПББ-да шекті балл кемінде 50%, педагог-модератор санаты үшін кемінде 60%, педагог-сарапшы санаты үшін кемінде 70%, педагог-зерттеуші санаты үшін кемінде 80%, педагог-шебер  санаты үшін кемінде 90%-ды құрайды.


– Білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің немесе орталықтардың бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін тестілеу 1 блоктан және 60 тест тапсырмасынан тұрады. 


– Тестілеу ұзақтығы – 90 минут.


– Шекті балл жинау үшін кемінде 70% тапсырмаға дұрыс жауап беру керек.