uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Құрметті магистратураға түсушілер!

Жарияланды: 5 июня 2025


Сіздерді кешенді тестілеудің форматымен таныстырып өтейік.


Сіздерге арналған өткен жазбада айтып кеткендей, магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.


ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА


– Оқу мерзімі: 2 жыл;


– Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150;


– Тестілеу ұзақтығы – 235 минут (3 сағ. 55 мин).


Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:


– 1 бөлім. Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;


– 2 бөлім. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;


– 3 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.


– Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 75.


БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА


– Оқу мерзімі: 1-1,5 жыл;


– Тест тапсырмаларының саны – 50, жалпы балл – 70;


– Тестілеу ұзақтығы – 100 минут (1 сағ. 40 мин).


Кешенді тестілеу 1 бөлімнен тұрады:


– 1 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.


– Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 30.


МАҢЫЗДЫ: Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар қалауы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.


– Толық ақпарат www.testcenter.kz сайтының МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ бөлімінде. Сәттілік!


Image Not Found