uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Қазіргі таңда КТ-ны 49 мыңға жуық адам тапсырды.

Жарияланды: 11 августа 2025


Оның ішінде:
-ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады;
-ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балды құраса, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды;
139 балл – ең жоғары көрсеткіш.

Ереже бұзғаны үшін 130 адамның нәтижелері жойылды.
Атап өтсек:
-тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 79 оқуға түсуші КТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
-тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 35 адам шығарылды;
-15 адамның нәтижесі тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды;
-1 бөгде тұлға анықталды.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.