uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Қазіргі таңда КТ-ны 39 мыңнан астам адам тапсырды.

Жарияланды: 4 августа 2025


Оның ішінде:
-ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады;
-ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 78 балды құраса, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды;
-139 балл – ең жоғары көрсеткіш.

Ереже бұзғаны үшін 99 адамның нәтижелері жойылды.
Атап өтсек:
-тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 67 оқуға түсуші КТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
-тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 31 адам шығарылды;
-1 бөгде тұлға анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған КТ 21 шілдеде басталып, 7 тамызға дейін жалғасады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.