uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Қазіргі таңда КТ-ны 22 мыңға жуық адам тапсырды.

Жарияланды: 28 июля 2025


Ереже бұзғаны үшін 54 адамның нәтижелері жойылды.
Атап өтсек:
-тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 32 оқуға түсуші КТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
-тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 21 адам шығарылды;
-1 бөгде тұлға анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған КТ 21 шілдеде басталып, 7 тамызға дейін жалғасады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.