uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 20 мая 2026
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тестілеуіне дайындыққа арналған жаңа оқу-әдістемелік құрал әзірледі. Аталған еңбек – қазақ тілін меңгерудің отандық бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ аясында әзірленген жаңа формат негізінде құрылған бірүлгілік тест нұсқаларымен ерекшеленеді.
Оқу-әдістемелік құралы тестілеуге дайындалуға ниетті тұлғалар мен қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілерге арналған. Мазмұны тіл меңгерудің халықаралық стандарттарына CEFR шкаласына сәйкестендіріліп, А1 (қарапайым) деңгейінен бастап С1 (жоғары) деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды.
Оқу-әдістемелік құралдың ерекшеліктері:
Кімдерге арналған?
Оқу-әдістемелік құрал тестіленушілердің тілдік дағдыларын жүйелі түрде қалыптастыруға, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын түсініп, тапсырма талаптарын дұрыс түсінуге және тестілеуге мақсатты дайындалуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай қағидаты негізінде құрастырылған.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның қолдану аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар аясында әзірленген бұл оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін меңгеруге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған тиімді көмекші болмақ.
Аталған оқу-әдістемелік құралды Ұлттық тестілеу орталығының Аймақтық тестілеу орталықтары мен Астана қаласы бойынша 8(7172)575977(137)нөміріне хабарласып алуға болады.