uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

«Химиялық инженерия және процестер»

Жарияланды: 23 ноября 2026

2027 жылы «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламалары тобы бойынша бейіндік пәндердің «Химия – Физика» және «Химия – Биология» комбинацияларын таңдау мүмкіндігі сақталады.

Бұл шешім талапкерлерден келіп түскен өтініштерді ескере отырып қабылданды. Осылайша, 2027 жылы өтпелі кезең қарастырылып, талапкерлерге өз қалауы мен мүмкіндіктеріне қарай екі комбинацияның бірін таңдау құқығы беріледі.

«Химия – Биология» комбинациясына көшу туралы бастаманы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес пен бейінді кәсіпорындар – жұмыс берушілер ұсынып, қолдаған болатын. Бұл өзгеріс талапкерлердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және саладағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталған. Аталған комбинация бойынша талапкерлер бұрынғы «Химия – Физика» комбинациясымен салыстырғанда, білім берудің төрт бағыты бойынша 18 білім беру бағдарламасына грант конкурсына қатыса алады. Ал бұрынғы комбинация бойынша мұндай мүмкіндік тек бір бағытпен шектелген.

«Химия – Биология» комбинациясына толық көшу 2028 жылғы ҰБТ-дан бастау жоспарланып отыр.