uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 24 апреля 2026
👩🏻💻ҰБТ-ға тиімді дайындық үшін байқау сынақтарын ҰТО-ның аймақтық тестілеу орталықтарында тапсыра алатындарыңызды хабарлаймыз.
🤩Офлайн байқау сынағына өтініш беру 2026 жылғы 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында жүргізіледі.
Тестілеу 27 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтеді.
💸Байқау сынағының құны – 1 500 теңге.
🖥Өтініш беру үшін:
✅️аpp.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріңіз;
✅️«Байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз;
✅️ары қарай «ҰБТ байқау сынағын» таңдап, «ҰТО-ның аймақтық тестілеу орталықтарындағы байқау сынағы» бөліміне өтіңіз;
✅️тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасын басыңыз, офертамен танысып, төлем жасаңыз.
📌Берген өтінішіңізді «Байқау сынағы» бөлімінде өңдей аласыз (өтінішті жою мүмкіндігі жоқ).
👍🏻Сондай-ақ, Сіздерден ҰБТ-ға дайындық үшін тапсыратын байқау сынағын, сертификат берілетін ҰБТ-ның өзімен шатастырмауларыңызды сұраймыз.
🙌🏻Сәттілік!