uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 13 августа 2025
Қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыру керек:
-жеке куәлік,
-3×4 көлеміндегі фотосурет,
-біліміңіз туралы құжат: мектеп түлектері үшін орта білім туралы аттестат, колледж түлектері үшін диплом,
-№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама,
-ҰБТ сертификаты,
-арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған болсаңыз, ведомостан үзінді,
-егер грант иегері болсаңыз, грант куәлігі,
-болған жағдайда жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындары құжаттарға қосымша талаптар қоя алатынын ескертеміз.
Қажетті құжаттарды уақтылы дайындап, таңдалған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жүгінуді сұраймыз. Сәттілік!