uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 11 ноября 2025
Сәлем, болашақ магистранттар!
Сіздерге кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініштер бойынша статистикалық мәлімет ұсынамыз.
11 мыңға жуық өтініш қабылданды.
Ең көп таңдалған білім беру салалары:
Педагогикалық ғылымдар;
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
Бизнес, басқару және құқық.
Даярлау бағытын (бейіндік және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін КТ басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қараша күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсуішінің жеке кабинетінде жарияланады.
Өткізіп алмаңыздар! Сәттілік!