uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89
Жарияланды: 3 июня 2026
Ұлттық тестілеу орталығы академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына ерекше мән береді және тестілеу рәсімдеріне қатысты кез келген заң бұзушылық фактілерін, сондай-ақ қызметкерлер немесе үшінші тұлғалар тарапынан болуы мүмкін құқыққа қайшы әрекеттерді қатаң түрде анықтап, дереу жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді.
Ұсынылған әрбір дәлелді ақпарат белгіленген тәртіпке сәйкес мұқият қаралып, жан-жақты тексеріледі.
Сонымен қатар, расталмаған және жалған ақпарат тарату ҰТО-ның іскерлік беделіне және қоғам алдындағы сеніміне нұқсан келтіреді. Мұндай әрекеттер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.
Сенімділік, әділдік және ашықтық – ҰТО қызметінің негізгі қағидаттары.