uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

«ПЕДАГОГ» санаты үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

Жарияланды: 26 сентября 2026

💻2026 жылғы 28-29 қыркүйек аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ» санаты үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. ⏳ПББ-ның өзі 30 қыркүйек өтеді.

✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
✍️педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг).

📝Тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады. ⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.

✅Ең жоғары балл – 50 балл, шекті балл – 25 балл.

👏Сәттілік!