«ПЕДАГОГ» санаты үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
Жарияланды: 21 августа 2026
💻2026 жылғы 24-25 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ» санаты үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
⏳ПББ-ның өзі 26 тамызда өтеді.
✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
✍️педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг).
📝Тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.
⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.
✅Ең жоғары балл – 50 балл, шекті балл – 25 балл.
👏Сәттілік!