uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

«ПЕДАГОГ» санаты үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

Жарияланды: 13 марта 2026


💻2026 жылғы 16-17 наурыз аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ» санаты үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
⏳ПББ-ның өзі 25 наурызда өтеді.


✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
✍️педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг).


📝Педагогтер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.
⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.


✅Ең жоғары балл – 50 балл, шекті балл – 25 балл.


👏Сәттілік!