uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 2 июня 2025
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 116 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде:
талапкерлердің 66,8%-ы шекті балл жинады;
орташа балл – 64 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл – 140 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 384 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 142 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек: тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 68 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды; тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 74 адам шығарылды; бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Қатысушылардың 19%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 15%-ы «Шығармашылық емтихан», 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.