uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Мәслихат депутаттығына кандидатпен кездесу өтті

Жарияланды: 9 ноября 2026

📆9 қарашада Ұлттық тестілеу орталығында Астана қаласы мәслихатының №17 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Нұрсұлтан Жұмағазиев және оны қолдаушы азаматтардың қатысуымен кездесу өтті.

💼Кездесу барысында Нұрсұлтан Жұмағазиев өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтті.
Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кандидатқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелер бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде кандидат қызметкерлерді алдағы мәслихат сайлауына қатысуға шақырды.

📑Кездесу қатысушыларға кандидаттың ұстанымы мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Тестілеу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Telegram-дағы ботымызға жазыңыз Ботқа жазу ✕