uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 58 мыңға жуық адам тапсырды.

Жарияланды: 11 августа 2026

✔️Оның ішінде:
🔻ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 49%-ы, бейінді бағыт бойынша 25%-ы шекті балл жинады;
🔻ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балды құраса, бейінді бағыт бойынша 24 балл болды;
🔻139 балл – ең жоғары көрсеткіш.
❌Ереже бұзғаны үшін 94 адамның нәтижелері жойылды.

Атап өтсек:
🚫тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 69 оқуға түсуші КТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 25 адам шығарылды.

⏰Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-ға қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.