uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 27 июня 2025
Бұл квотаға құқығы бар талапкерлерге осы орындарға арналған жеке конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Бірден айтып өтсем, квоталар ҰБТ-ға балл қоспайды.
Мысалы, ауыл квотасы 35%-ды құрайды. Яғни, белгілі бір мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасы бойынша тағайындалады. Егер белгілі бір мамандық бойынша 100 грант бөлінсе, оның 35-і ауыл квотасы бойынша беріледі. Бұл ретте ауыл талапкерлері жалпы конкурс бойынша да түсе алатынын айтып өткен жөн.
Естеріңізге сала кетсек, грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Өткізіп алмаңыздар! Сәттілік!