БІРІНШІ БАСШЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУ
Жарияланды: 21 августа 2026
💻2026 жылғы 24-25 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 26 тамызда өтеді.
✅Тестілеу 6 блок бойынша өтеді:
✔️Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл;
✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл.
✅Ең жоғары балл – 48 балл, шекті балл – 24 балл.
💸Тестілеуге қатысу құны – 9 403 тг.
ℹ️ Толық ақпарат testcenter.kz сайтында қолжетімді.
♦️Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде – 2 140 тг.) байқау сынағы ұсынылған.