uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

БІРІНШІ БАСШЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУ

Жарияланды: 13 марта 2026


💻2026 жылғы 16-17 наурыз аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 25 наурызда өтеді.


✅Тестілеу 6 блок бойынша өтеді:
✔️Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл;
✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл;
✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл.


✅Ең жоғары балл – 48 балл, шекті балл – 24 балл.


💸Тестілеуге қатысу құны – 9 403 тг.


ℹ️ Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Бірінші басшы лауазымына тағайындау үшін тестілеу» бөлімінде қолжетімді.
♦️Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде – 2 140 тг.) байқау сынағы ұсынылған.